“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновтен бас тартты

19.08.2024, 22:08

Зайнутдинов түркиялық ұжымға 2023 жылғы тамызда ауысқан еді

«Бешикташ» Бактиер Зайнутдиновтен бас тартты
«Бешикташ» ФК

Түркияның Aksam.com сайты қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновтің «Бешикташтың» жаңа бапкері Джованни ван Бронкхорстқа керек болмай қалғанын жазды.

«Мұндай шешімді «Бешикташ» бапкерлері Суперлиганың екінші аптасында «Антальяспор» клубын қабылдаған кезде шығарды. Жанкүйерлер алдында өзінің алғашқы ойынын өткізген нидерландтық бапкер Джованни ван Бронкхорст бес ойыншыны тізімнен сызып тастады.
Жас футболшылардан бөлек матчқа арналған құрамға Тайип Талха Сануч, Демир Эге Тыкназ, Бактиер Зайнутдинов, Венсан Абубакар мен Джексон Мулека енбей қалды. Бактиер мен Абубакар құрамда қарастырылмайтыны расталды», - делінген дереккөз таратқан мәліметте.

Айта кетейік, Зайнутдинов түркиялық ұжымға 2023 жылғы тамызда ауысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам