Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Истанбулспор» ойыншылары қатерлі ісікке шалдыққан командаласына қолдау білдірді

20.08.2024, 17:35

Клубтың 19 жастағы футболшысы Баран Альп Вардар ауруханада ем алып жатыр

«Истанбулспор» ойыншылары қатерлі ісікке шалдыққан командаласына қолдау білдірді
Видеодан кадр

«Истанбулспор» футбол клубының ойыншылары командадағы қатерлі дертке шалдыққан әріптесіне жан тебірентерлік қолдау көрсетті.

Футболшылар команда мүшесі Баран Альп Вардар қатерлік ісікке шалдыққан соң алаңдаушылық білдіріп, онымен соңғы сәтке дейін бірге екенін жеткізді. «Манис ББСК» клубына қарсы өткен матчта «Истанбулспор» ойыншылары 3:2 есебімен басым түскен. Олар соғылған голды бейнеқоңырау арқылы байланысқа шыққан футболшыға арнап, оның нөмірі таңбаланған жейдені бейнекамераға көрсетті. Әріптестері бұл әрекет сырқаттанып жатқан Вардарға рухани демеу болып, оның еңсесін тіктеуіне септігін тигізеді деп санайды.

Команда ойыншылары футболшының қиын сәтте барынша қолдап, орталарына тезірек оралуына тілектестік білдіріп отыр. Қатерлі ісікке шалдыққан Вардар – 19 жаста. Ол аталған клубтың қорғаушысы позициясында ойнайды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам