“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Бораттың» бандасынан жеңілмеуіміз керек». Норвегиялық жанкүйерлер пікір білдірді

20.08.2024, 21:02

Берген қаласының клубы Элитсерияда көшбасшылардың қатарында

«Бораттың» бандасынан жеңілмеуіміз керек». Норвегиялық жанкүйерлер пікір білдірді
“Бранн” ФК

22 тамызда УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінің плей-офф бәсекесінде «Астана» сырт алаңда Норвегияның «Бранн» клубымен жолығады. 

Берген қаласының клубы Элитсерияда көшбасшылардың қатарында. Сондықтан жанкүйерлері «Астанамен» матчта сүйікті клубтарының жеңісіне аса қатты күмән келтірмейді. Назарларыңызға жанкүйерлердің пікірін ұсынамыз. 

«Бранн» 3:1 есебімен жеңеді», «Астана» ҚПЛ-да турнир кестесінде ортасында келеді, сондықтан «Бранн» оңай жеңеді», «Астана» әлсіз клуб, біздің чемпионата соңғы жағында жүрер еді», «Баяғы Чемпиондар лигасында ойнаған «Астана» жоқ», «Қазақтар осы еурокубок маусымда өте әлсіз, топтық кезеңге оңау шығу қажет», «Сент-Мирренді» аса қиналмай өттік, «Астана» барлық бағыт бойын бізден нашар», «Оңай жеңіс күтеміз», «Біз Бораттың бандасынан жеңілмеуіміз керек», «Қазақстанға жол алыс, жеңіл ойын болады деп күтеміз», - деген сарындағы пікірлер көп.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам