Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ақтөбенің» басшылары 165 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

26.08.2024, 10:13

Клуб қызметкерлері чартерлік рейстерді қымбат бағада пайдаланған болуы мүмкін

«Ақтөбенің» басшылары 165 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді
Ақтөбе ФК

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Ақтөбе» футбол командасының 2023 жылы жаратқан шығындарын есептеп жатыр. Құзырлы орган клуб басшылары чартерлік рейстерді аса қымбат бағада пайдаланған деген күдіктің барын мәлімдеді деп жазады «Серый CARDINAL» телеграм-каналы.

«Клубты Сергей Куленко басқарған уақытта, яғни былтыр жазда кейбір қызметкерлер чартерлік рейстерді өз бағасынан бірнеше теңгеге қымбатқа сатып алған. Салдарынан 165 млн теңгенің ұрланғаны белгілі болды», - деп жазылған аталған ақпаратта.

Қазіргі таңда аталған іс Антикордың тексеруіне берілген. Егер күдікке ілінген азаматтардың кінәсі сотта дәлелденіп жатса олар 7 жылдан 12 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам