Ол бұған дейін «Слуцк» командасында ойнаған
Беларусь чемпионатында ойнайтын Оралхан Өміртай БАТЭ сапындағы алғашқы голын соқты. Соған қарамастан, оның командасы жеңіліп қалды.
Ел чемпионатының 19-турында БАТЭ өз алаңында «Торпедо-БелАЗ» клубын қабылдаған болатын. «Борисов-Арена» стадионында өткен матч 1:2 есебімен қонақтар жеңісімен аяқталды.
«Торпедо» сапынан Вадим Побудей (10-минут) мен Максим Скавыш (49-минут) гол соққан. Ал, ойынның 82-минутында БАТЭ-де ойнайтын қазақ футболшысы Оралхан Өміртай есепті қысқартты. Дегенмен, алаң иелері қалған уақытта таразы басын теңестіре алмады.
Айта кетейік, Оралхан Өміртай БАТЭ сапына биыл «Слуцк» клубынан ауысты. Оған дейін ол «Атырау», «Ақжайық», «Шахтер» және «Тобыл» командаларында ойнаған.