Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Максим Самородов РПЛ-ға ауысу шешімі, жарақаты, Холандқа қарсы ойынға шыққысы келетіні туралы – сұхбат

26.08.2024, 18:52

Самородов «Ақтөбеден» шыққанда, кіммен ақылдасты?

Максим Самородов РПЛ-ға ауысу шешімі, жарақаты, Холандқа қарсы ойынға шыққысы келетіні туралы – сұхбат
Olimpbet

Қазақстан құрамасының және грозныйлық «Ахматтың» шабуылшысы өзінің РПЛ-ға қалай қабылданғаны, табан астында алып қалған жарақаты және Холандқа қарсы ойынға шыққысы келетіні туралы айтты.

Максим Самородов Olimpbet Arena-ға берген сұхбатында Ақтөбеден кететіні жайында да мәлімдеді. Футболшының сөзіне қарағанда, оның «Ахматқа» ауысуында Магомед Адиев маңызды рөл атқарған.

– Мен Магомед Мұсаұлымен жұмыс істедім, оның талаптарын білемін. Бәрін де осы фактор шешті деп айта аламыз.

— Сізге «Ахматтан» басқа қандай командалар ұсыныспен жүгінді?

— Негізінде БАҚ жазғандардың бәрі. Кипрлік «Арис» пен Грекияның ПАОК командасынан ұсыныс түсті, бірақ олардан нақты мәлімет болмады. Қалғаны маңызды деуге келмейді.

— «Ахматқа» ауысқанда Нұралы Әліппен ақылдаспадыңыз ба?

— Шынымды айтсам, ауысу туралы ешкіммен ақылдаспадым. Менің осындай мінезім бар: егер мен шешім қабылдасам, мені басқа ешкім ырқына көндіреалмайды. Анам да, әжем де, әйелім де.

Сонымен қатар, Максим Самородов «Ақтөбенің» өзінсізжәне Рамазан Оразовсыз болашағы туралы ойымен бөлісті:

«Ол жердегі балалар бізден жаман ойнамайды. Мен соңғы ойындарды көрдім, олар өте ширақ көрінді... Біздің кетуіміз «Ақтөбенің» чемпиондық мүмкіндігіне әсер етпейді деп ойлаймын. Команданың жағдайы нашарлаған жоқ. Бәлкім, жақсара түсетін де шығар».

Сондай-ақ футболшы өзінің РПЛ-ға қалай қабылданғаны туралы, Fan ID жайында және жарақатынан кейін Қазақстан құрамасында ойнау мүмкіндігін әңгімеледі.

Максим Самодовтың Olimpbet Arena-дағы сұхбатының толық нұсқасын мына сілтемеден оқыңыз.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам