Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Абат Айымбетовтің командасы ойсырай жеңілді

01.09.2024, 07:48

Қазақстандық шабуылшы негізгі құрамда шыққан

Абат Айымбетовтің командасы ойсырай жеңілді
ntv.com.tr

Футболдан Түркия чемпионатының төртінші турында «Адана Демирспор» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдап, 1:5 есебімен ойсырай жеңілді.

Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов алаңға негізгі құрамда шығып, екінші таймда (51-минут) алмастырылды.

Матчтың 9-минутында қонақтар сапынан Керем Актюркоглу есеп ашқан. Арада тағы тоғыз минут өткенде «Адана Демирспор» ойыншысы Семих Гюлер автогол авторы атанды. «Галатасарай» мұнымен тоқтаған жоқ, 31-минутта Барыш Алпер Йылмаз үшінші голдың авторы атанса, 37-минутта Дрис Мертенс таблодағы есепті 4:0-ге жеткізді.

Екінші таймда стамбұлдық команда бесінші голын соқты, көзге түскен – Абдулкерим Бардакджи (60-минут). Ал, 66-минутта аданалық клуб ойыншысы Юсуф Сари пенальтиден гол соға алған жоқ. Есесіне, 79-минутта төреші «Галатасарай» қақпасына тағы бір пенальти белгілеп, Эндрю Гравильон қателеспеді. Қорытынды есеп – 1:5.

Айта кету керек, 90+1 минутта «Адана Демирспор» ойыншысы Толга Календер қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам