Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бапкер Бақтиерді ұнатпайды»: Түркиядағы Зайнутдиновтің жағдайы белгілі болды

01.09.2024, 11:23

Ол жаңа маусымда бірде-бір матч өткізген жоқ

«Бапкер Бақтиерді ұнатпайды»: Түркиядағы Зайнутдиновтің жағдайы белгілі болды
Бешикташ ФК

Түркияның «Бешикташ» клубы туралы жазатын журналист Серджан Дикме Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов туралы сауалға жауап берді.

Еске салайық, қазақстандық футболшы маусым басталғалы ешбір матчқа қатысқан жоқ. Ол тіпті, жаздағы оқу-жаттығу жиындары кезіндегі жолдастық кездесулерде де ойнамаған.

«Клуб бапкері Бактиерді ұнатпайды. Сондықтан алаңға шықпайды. Алайда, футболшы Түркияда қалғысы келеді. «Бешикташтан» өзінің кеткісі жоқ. Бірақ Зайнутдиновке бапкер көп мүмкіндік береді деп ойламаймын. Ол негізінен қосалқы құрамда отырады», - дейді Дикме.

Айта кетейік, Зайнутдинов «Бешикташ» сапына 2023 жылы Мәскеудің ЦСКА клубынан ауысып барған. Келісімшарт 2027 жылға дейін жасалған. Transfermarkt футболшының құнын 5 миллион еуроға бағалап отыр.

«Бешикташ» клубын қазір танымал нидерланд футболшысы Джованни ван Бронкхорст баптайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам