Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Жуырда ғана «Ахматқа» ауысқан Максим Самородов Еуропаға кетуді армандайды

16.09.2024, 17:27

Ол – Қазақстаннан шетелге сатылған ең қымбат футболшы

Жуырда ғана «Ахматқа» ауысқан Максим Самородов Еуропаға кетуді армандайды
ҚФФ

Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» футбол клубының (Грозный) шабуылшысы Максим Самородов алға қойған мақсаты мен жоспарлары туралы айтты. «Матч ТВ» телеарнасына сұхбат берген футболшы Ресейден асып Еуропаға кеткісі келетінін жасырған жоқ.

«Ахмат» клубын кешеге дейін Қазақстан құрамасын жаттықтырған Магомед Адиев баптаған болатын. Алайда, команда жеңілістен көз ашпай, маман отставкаға кетті. Ал, оның орнына келген Сергей Ташуев та келе сала жеңістерге жете алмай отыр. Мәселен, күні кеше РПЛ-дің кезекті туры аясында «Ахмат» сырт алаңда мәскеулік «Динамомен» кездесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.

Осы матчтан кейін Максим Самородов жаңа бапкеріне қатысты пікірін айтты.

«Мен бұл бапкермен небәрі үшінші күн бірге жұмыс істесіп жатырмын. Әлі толық танысып та үлгермедік. Ташуев өте қатал бапкер, ол командадағы тәртіпті қалыпқа келтіреді. Футболда тәртіп болмаса болмайды», - деді Самородов.

Қазақстандық шабуылшының негізгі көздегені – Еуропаның ТОП-5 чемпионаттарының біріне ауысу. Мұны ол ресейлік БАҚ-қа жасырмай айтты.

«Біздің клубтың мақсаты РПЛ-да қалу үшін жанталас емес, турнир кестесінде барынша жоғары көтерілу. Бапкер бізге осындай мақсат қойып отыр. Ал, менің жеке мақсатым – Еуропаға кету. Бұл кез келген футболшының арманы деп ойлаймын», - деді Максим Самородов.

Айта кетейік, Максим Самородов биыл жазда «Ақтөбе» клубынан «Ахмат» сапына ауысты. Оны сол кездегі бапкер Магомед Адиев алдыртқан. Алайда, Самородов барған кезде Адиевтің өзі грозныйлық клубтан кетіп қалды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам