Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

«Ресейге кетуші болма»: хорват футболшысының Максим Самородовқа не айтқаны белгілі болды

06.12.2023, 22:36

Қазақстандық футболшыға «құда түсіп» жатқан командалар көп

«Ресейге кетуші болма»: хорват футболшысының Максим Самородовқа не айтқаны белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясы

«Ақтөбе» футбол клубында ойнайтын хорват шабуылшысы Андрия Филипович Қазақстан құрамасының өкілі Максим Самородовқа Ресей клубтарына ауыспауға кеңес берген. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты жазды.

«Макс ойыншы ретінде дамуы үшін Еуропаға ауысуы тиіс. Мен онымен сөйлесіп, Еуропаға кетуге, Ресей клубтарынан келген шақыртулардың бәріне келісім бермеуге кеңес бердім. Оның қайда баратынын енді уақт көрсетеді»,  деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Максим Самородовтың самаралық «Крылья Советов» клубына ауысуы мүмкін екені жазылған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам