Біздің ұлттық құрама енді плей-офф кезеңінде бақ сынайды
Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңдегі үшінші ойынында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесті.
Бұл ойынға Қазақстан сапынан Біржан Оразов пен Дәурен Тұрсағұлов қатыса алмады. Алғашқысы жарақатына байланысты, екіншісі Испаниямен ойындағы қызыл қағазға байланысты тыс қалды.
Матч 10:0 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. Арнольд Кнауб бес гол соғып, пента-триктің авторы атанды. Бірақ доп саны бойынша Қазақстан Испаниядан қалып қойды. Олар бүгін Ливияны 8:0 есебімен жеңді.
1/8 финалда Қазақстан С тобының жеңімпазымен жолығады. Ұлттық құрамамыздың қарсыласы Португалия немесе Морокко болады.
Өкінішке қарай, жоқ жерден құрамадағы көшбасшы ойыншылардың бірі Лео Жарагуа қызыл қағаз алды. Ол енді 1/8 финалда алаңға шыға алмайды.
Жаңа Зеландия құрамасы биыл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ал мұхит аймағы бойынша чемпионатта он екі мәрте бақ сынап, 2022, 2023 жылдарда бас жүлде жеңіп алды.
Голдар: