Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатында Португалиямен ойнайды

22.09.2024, 21:57

Кака шәкірттері топта 7 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне екінші орынмен шықты

Футзал: Қазақстан әлем чемпионатында Португалиямен ойнайды
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқанда әлем чемпионатында Қазақстанның плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды. Бүгін Португалия өз тобындағы соңғы ойында Марокконы жеңіп, Қазақстанға қарсылас атанды.

Марокко – Португалия – 1:4

Голдар: Эль-Месрар 34 – Эрик 2, Коэлью 19, 22, Зики Те 39.

Екі құрама 26 қыркүйекте Андижанда кездеседі. Матч 20:00-де басталады.

Осылайша екі құрама әлем чемпионатында үшінші рет жолыққалы отыр. 2015 жылы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Португалияны 3:1 есебімен жеңсе, 2021 жылы әлем кубогінің жартылай финалында португалдықтардың мерейі үстем болған, есеп – 3:2 (пенальти сериясынан кейін).

Еске салайық, Қазақстан Өзбекстандағы әлем чемпионатының топтық кезеңінде екінші орын алып плей-офф кезеңіне шықты. Кака шәкірттері үш матчтың екеін жеңіп, бірінде тең ойнаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам