Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Бекхэм Мессидің неліктен Майами клубын таңдағанын түсіндірді

23.09.2024, 12:22

Месси «Интер Майамиге» 2023 жылғы жазда ауысты

Бекхэм Мессидің неліктен Майами клубын таңдағанын түсіндірді
Getty Images

Америкалық «Интер Майами» клубының тең төрағасы әрі Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің трансферіне қатысты кей деректерді айтып берді.

«Месси үшін оның отбасы өмірден ләззат алып, өздерін жайлы сезінетін орын табу маңызды болды. Месси клуб таңдағанда дәл осы факторды бірінші орынға қойды. Францияға бейімделуде қиындықтарға тап болған Леоның отбасы үшін Майамиге қоныс аудару қолайлы көрінді», - деді Бекхэм Goal-ға берген сұхбатында.

Ағылшын футболшысы Месси секілді аңыздың клубында өнер көрсетуін армандағанын қоса кетті.

«МЛС-де, Майамиде ұлы футболшының ойнауы – бұл таңғажайып оқиға. Леоның біздің клубта жүргеніне әлі күнге дейін сене алмаймын. Оның ойынын тамашалағанды жақсы көремін. Бұл біз үшін өте маңызды», - деді Бекхэм.

Месси «Интер Майамиге» 2023 жылғы жазда ауысты. Аргентиналық футболшының қазіргі келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін есептелген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам