Жаңа подкаст! «Елімай» – сенсация. «Тобыл» – жыл өкініші.

Қазақстанның Австрия және Словенияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы жарияланды

23.09.2024, 17:18

Ұлттық құрама Ұлттар лигасында екі матч өткізіп, 1 ұпай еншіледі

Қазақстанның Австрия және Словенияға қарсы матчтарға арналған кеңейтілген құрамы жарияланды
ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Австрия (10 қазан) мен Словенияға (13 қазан) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Тізімге 36 ойыншы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елимай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әдилбек Жұмаханов («Атырау»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев («Елимай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Турция), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (оба – «Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);

Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін.

Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Австрияның Кремс қаласында басталып, 9-ына дейін жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.

Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам