Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Нұрқожа Қайпанов пен Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында белдеседі

26.09.2024, 11:08

Күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақтардағы әлем біріншілігі өтеді

Нұрқожа Қайпанов пен Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында белдеседі
ҰОК

Күрес түрлерінен қазан айының соңғы үш күнінде Албанияда олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионаты өтеді. Аталған турнирде еркін және әйелдер күресінен белдесетін Қазақстан балуандарының есімі белгілі болды.

Олардың арасында әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрқожа Қайпанов пен Жәмила Бақбергенова да бар.

Тирадада өтетін жаһандық додада еркін күрес балуандары 61, 70, 79, 92 келіде белдессе, әйелдер күресінің өкілдері 55, 59, 65, 72 келіде сынға түседі. Ал грек-рим күресінен балуандар 55, 63, 72 және 82 келіде бақ сынайды.

Айта кететін жайт, бұл жолы әр күрестен финалдық белдесулер бір күн ішінде өтпек. Мәселен, 29 қазан күні грек-рим күресі, 30 қазанда әйелдер күресі, 31 қазанда еркін күрес бойынша жеңімпаздар бірден анықталады.

Бұл сында белдесетін Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі төмендегідей:

Еркін күрес:

61 келі: Асыл Айтақын

70 келі: Нұрғожа Қайпанов

79 келі: Дәулет Ергеш

92 келі: Нұрдәулет Бекенов


Әйелдер күресі:

55 келі: Зульфия Яхьярова

59 келі: Диана Каюмова

65 келі: Ирина Казюлина

72 келі: Жәмила Бақбергенова.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам