Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Бұл Өзбекстанның да жеңісі»: бапкер Кака Португалиямен матчтан кейін эмоциясын жасыра алмады

27.09.2024, 00:27

Ширек финалда жерлестеріміз Аргентина мен Хорватияның қай жеңгенімен кездеседі

«Бұл Өзбекстанның да жеңісі»: бапкер Кака Португалиямен матчтан кейін эмоциясын жасыра алмады
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында жарыс фавориті Португалияны жеңіп, сенсация жасады. Матчтан кейін Қазақстанның бас бапкері Рикардо Кака пікір білдірді.

«Мұндай керемет эмоция сезінбеген едім. Бұрын да жеңіс пен жеңілістер болған, бірақ дәл бүгінгідей жеңісті сезбедім. Бірақ біз әлі жарысты ұтқан жоқпыз. Әрине, бұл өте жақсы. Бірақ біз тек бір кезеңнен ғана өткенімізді ескерейік. Енді алдағы қарсыластарымызға дайындалуымыз қажет. Қуанышымызды тез басып, келесі ойынға дайындалу керек. 

Бұл – Қазақстанның және бізді қолдап жатқан Өзбекстанның да жеңісі. Бразилиядан да хаттар келіп, жігіттерімізге сәттілік тілеуде. Плей-оффқа тоқталсақ, ерте кезеңде-ақ әлемдегі ең мықты ұжымдардың жолдары түйісті. Қуанышымызға қарай, барлығы біздің пайдамызға шешілді», - деді бас бапкер. 

Енді жерлестеріміз 30 қыркүйек күні Ташкент қаласында Аргентина мен Хорватияның қай жеңгенімен кездеседі. Айта кету керек, Аргентина құрамасы – әлемнің күміс жүлдегері.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам