Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Құттықтаймын, Бразильстан». Португалия жанкүйерлері Қазақстан туралы не дейді

27.09.2024, 12:28

Оларға Қазақстан сапында Лео, Дуглас және Игита секілді ойыншылардың өнер көрсететіні ұнамаған

«Құттықтаймын, Бразильстан». Португалия жанкүйерлері Қазақстан туралы не дейді
Gettyi mages

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны 2:1 есебімен ұтып, сенсация жасады.

Бұл жайт қарсылас құрама жанкүйерлерінің арасында қызу талқыланып, бірі Қазақстанды құттықтаса, енді бірі кемсітіп әлек. Осы орайда бірқатар пікірді. Соны назарларыңызға ұсынбақпыз.

«Тарихты өзгертті, енді оларды ұмытпайды. Ал біз мықтырақ болып ораламыз», «Қазақстанның жеңіске деген жігері мықтырақ болды. Сәттілік біздің жақта емес екен», «Матчқа дейін де Қазақстанның Бразилиядан мықты екені айтылып жатқан, жарайсыңдар», «Өте жақсы ойнаған командадан ұтылдық, менменсуді доғарайық», «Қақпашысы мықты екен», - деп жазды оқырман.

Дегенмен пікір қалдырушылар арасында ұлттық құрамасының жеңілісіне көндіге алмағандар да көп болған. Оларға Қазақстан сапында Лео, Дуглас және Игита секілді ойыншылардың өнер көрсететіні ұнамаған. Әйтпесе олардың құрамада жүргеніне 10 жылдан асты.

«Құрамындағы ойыншыларға қарайтын болсақ, бұл жайт бәсекені бұзатынын аңғару қиын емес», «Құттықтаймын, Бразильстан», «Қазақстан сапында шетелдіктер ойнады. Бразилиялықтарсыз олар әлем чемпионатында лайықты өнер көрсететініне сенбеймін», «Мұндай командадан ұтылу ұят», «Ақылға қонбайтын жағдай», «Қазақстаннан қалай ұтылуға болады», «Қазақстан секілді құрамадан ұтылсақ, біздің дәуір аяқталды деген сөз. Қайдағы сайтан алғыр Қазақстан», - деп жазды олар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам