Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыластары анықталды

27.09.2024, 22:39

Аргентиналықтар 2016 жылғы біріншілікте топ жарған

Қазақстан құрамасының ширек финалдағы қарсыластары анықталды
ҚФФ

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Аргентинамен кездеседі.

Себебі 1/8 финалда Аргентина Хорватияны 2:0 есебімен жеңді. Ал ойынның алғашқы голы 2-минутта соғылды. Мергендік танытқандар - Алан Бранди (2-минут) пен Матиас Роса (24-минут).

Қазақстан кеше Португалиядан басым түсіп, ширек финалға жолдама алған. Осылайша, Қазақстан мен Аргентина кездесуі 30 қыркүйек күні Ташкентте өтеді. Басталу уақыты - 20:00.

Естеріңізде болса, әлем чемпионатына дайындық барысында ұлттық құрама Алматыда Аргентинамен жолдастық кездесу өткізіп, Каканың шәкірттері жеңіске жеткен - 3:2.

Айта кетейік, аргентиналықтар 2016 жылғы біріншілікте топ жарған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам