Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

«Жалақы алмаймын». Ұлттық құрама ойыншысы легионерлерге қатысты мәселе көтерді

28.09.2024, 11:37

Көпшіліктің барлық футболшыны сынайтыны дұрыс емес екенін айтады

«Жалақы алмаймын». Ұлттық құрама ойыншысы легионерлерге қатысты мәселе көтерді
Видеодан кадр

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров ҚПЛ-дағы легионерлерге қатысты лимит жайлы айтып, осы жайтқа байланысты өзге футболшылар да сынға қалатынын алға тартты.

Быстровтың айтуынша, елімізде шақыртылған легионерлерге қатысты мәселе бар.

«Легионерлерге лимит дейсіз бе? Мәселе қандай легионерлер екендігінде. Англияда нақты талаптар бар, бәрі сауатты жасалған. Кейде лимит легионерлерді әкеліп, олардан пайда тауып, ары-бері ауыстыруға ғана есептеледі. Қазақстанда осындай жағдайды көріп отырмын.

Бірақ бізде қай кезде де барлық футболшы сынға қалады. Таксиге отырсаң, «Сен менің салығымнан, халықтың ақшасынан айлық аласың» деп жатады. Бірақ мен халықтың ақшасынан жалақы алмаймын. Сондықтан мұндай сөздер тыңдау өте ауыр. Адамдар не болып жатқанын жете түсіне бермейді, себебі ешқандай қозғалыс жоқ. Қарапайым стадион, алаң салынып жатқан жоқ. Осыны салсын, сосын футболшылардан талап етсін. Тағы қандай лигада жарты команданы ауыстырып тастай алады? Ал біздің Қазақстанда жағдай осындай», - деді футболшы «Коммент.Шоу Казахстан» бағдарламасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, 2024 жылғы Қазақстан чемпионатында бір маусымда тізімге 12 шетелдік футболшы мен 13 жергілікті ойыншыны қосуға болады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам