ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Елена Рыбакина US Open турнирінің жеңімпазы атанды

Осылайша Елена Рыбакина өз мансабындағы үшінші «Үлкен дулығасына» қол жеткізіп отыр

Getty Images
Getty Images

Әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің финалында беларустік Арина Соболенкомен кездесіп, жеңіске жетті. Үш сетке созылған матч 6:4, 5:7, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталды.

Матч 2 сағат 23 минутқа созылды. Үш сетте Рыбакина 11 эйс пен 5 дабл-фол жасаса, Соболенко 6 рет эйс және 3 рет қос қателікке жол берді.

Осылайша Елена Рыбакина өз мансабындағы үшінші «Үлкен дулығасына» қол жеткізіп отыр. Бұған дейін ол Уимблдон мен Australian Open турнирлерінде жеңімпаз атанған еді. Енді оған АҚШ ашық біріншілігінде топ жарып отыр. Әзірге Қазақстан теннисшісіне «Ролан Гаррос» турнирі бағынған жоқ.

Еске салайық, Рыбакина ширек финалдағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген болатын. Соболенко болса біріншіден екіншіге төмендеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам