Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Қазақстан құрамасынан басым түскен Аргентина футзалшылары әлем чемпионы атана алмады

07.10.2024, 09:02

Бразилия әлемнің алты дүркін чемпионы атанды

Қазақстан құрамасынан басым түскен Аргентина футзалшылары әлем чемпионы атана алмады
Getty Images

Футзалдан Өзбекстанда аяқталған әлем чемпионатында Бразилия құрамасы чемпион атанды. Финалда олар Аргентинаны 2:1 есебімен ұтты.

Оңтүстікамерикалық құрамалар арасындағы кездесудің алғаш минуттарында-ақ Бразилия есеп ашып, алға шыққан. 6-минутта соғылған голдан кейін олар араға аз ғана уақыт салып, басымдықты еселей түсті.

2:0 есебі ойынның 39-минутына дейін сақталып, соңғы сәттерде Аргентина есеп айырмасын қысқартты. Алайда, нәтижесі сол күйі сақталып, Бразилия құрамасы өз тарихында футзалдан 6-шы рет әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

2016 жылы әлем чемпионы атанған Аргентина құрамасы осылайша соңғы екі жаһан біріншілігінің финалына шығып, екінші орынға ие болып отыр.

Үшінші орын үшін өткен ойында Украина Францияны ойсырата ұтып, сенсация жасады және әлем біріншілігінің қола жүлдесіне ие болды.

Айта кететін жайт, Аргентина құрамасы ширек финалдық ойында Қазақстан құрамасынан 6:1 есебімен басым түскен еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам