Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Астана» футбол клубы легионерлерге бес жылда 50 млрд жұмсаған

07.10.2024, 13:08

Спорт алаңдарын салудың орнына тек жалға алып отырған

«Астана» футбол клубы легионерлерге бес жылда 50 млрд жұмсаған
"Астана" ФК

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп спортты қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

“Қазіргі заманғы спорт нысандарының жетіспеушілігі спортшыларды сапалы даярлау мүмкіндігін шектейді. Бұл әсіресе спорттық нысандар жиі қол жетімді емес немесе қанағаттанарлықсыз жағдайда болатын аймақтарда байқалады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы кәдімгі жаяу жүргіншілер жолдары мен велосипед жолдарының тапшылығына бағытталған”, – делінген Антикор ақпаратында.

Ал еліміз бойынша 374,2 мың м2 жабық спорт ғимараттарының, 376,4 мың м2 бассейндердің тапшылығы байқалады (Алматы, Астана, Түркістан және Алматы облыстарындағы ең үлкен тапшылық).

Спорт кешендері мен футбол академияларын салудың орнына спорттық ұйымдар легионерлерді ұстауға көп ақша жұмсаған.
 

“Мысалы, ең қымбат «Астана» ФК (2018-2023 жылдары 50 млрд теңге, құрылтайшысы – Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Қазспортинвест» АҚ «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» корпоративтік қоры және ҰОК) өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес. 6 жыл ішінде (2018-2023 жж.) клуб футбол алаңдары мен үй-жайларды жалға алуға 1,4 млрд теңге жұмсады”, – делінген ақпаратта.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам