Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Есеп 0:4 болса да ойынға көңілім толды»: Черчесов Аустриядан жеңілістің себебін айтты

11.10.2024, 10:02

13 қазанда Черчесов шәкірттері Словенияны өз алаңында қабылдайды

«Есеп 0:4 болса да ойынға көңілім толды»: Черчесов Аустриядан жеңілістің себебін айтты
oefb.at

Футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан ойсырай жеңілгеніне қарамастан бас бапкер Станислав Черчесовтың шәкірттеріне көңілі толады. Бұл туралы маман матчтан кейінгі брифингте айтты.

Еске салайық, Ұлттыр лигасының B дивизионында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан 10 қазанда Аустриямен сырт алаңда ойнап, 0:4 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Аталған турнир басталғалы бері біздің құрама үш ойын өткізіп, бірде-бірінде гол соға алған жоқ.

«Иә, есеп 0:4 болды. Бірақ, Словениямен болған матчқа қарағанда менің бүгінгі ойынға көңілім толды. Бүгін комбинациялар көп жасап, сауатты өнер көрсеттік. Дегенмен, үш голды өз қателігіміздің кесірінен жіберіп алдық. Мұндай жоғары деңгейдегі матчтарда кез келген қателік осылай жазаланады. Бірінші таймда қарсыластың екпініне төтеп бере алатындай қауқарда болдық. Екінші таймда осы деңгейді ұстап қалу үшін барымызды салғанымызбен, тағы үш гол кірді. Бұдан сабақ аламыз. Бастысы – қалыпқа тез келіп, келесі матчқа дайындалу.

Бүгінгі матчта бірнеше ойыншы ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчын өткізді. Енді командамен, селекциямен жұмыс істеп, нәтиже көрсетуіміз керек. Өкінішке қарай, қазіргі дивизионда мұның бәрін жүзеге асыру өте қиын», - деді Қазақстанның бас бапкері.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасы небәрі бір ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. 13 қазанда Черчесов шәкірттері Словенияны өз алаңында қабылдайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам