ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

«Аргентинаны жеңгендей болайық». Аустриялық жанкүйерлер Қазақстанмен матчтан соң пікір білдірді

11.10.2024, 13:09

Станислав Черчесов шәкірттері 0:4 есебімен ұтылды

«Аргентинаны жеңгендей болайық». Аустриялық жанкүйерлер Қазақстанмен матчтан соң пікір білдірді
ҚФФ

Қазақстан Ұлттар лигасының үшінші матчында сырт алаңда Аустриямен кездесу өткізіп, оңбай ұтылды. Станислав Черчесов шәкірттері 0:4 есебімен ұтылды. Линцте өткен ойында 90 минут бойы алаң иелерінің басымдығын мойындауға мәжбүр болдық.

Мұндай сенімді жеңістен аустриялық жанкүйерлер қуанып, әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының ойыны туралы түрлі пікір жазған.

«Әдемі ойын, жігіттер, бірінші гол – қателіктен кейінгі мүмкіндік, екінші гол өте керемет соғылды. Сонда да қазақтарға құрмет көрсету керек, есеп 0:4 болып тұрса да әрі қарай ойнауды тоқтатпады».

«Қазақстан – қалай дегенмен әлемде көлемі жағынан 9-орында тұрған ел, ал Аустрия – шағын ғана мемлекет. Сондықтан бұл жайт жеңістің құндылығын арттыра түседі»;

«Норвегиямен ойын 0:0 есебімен аяқталды, солай ма?»;

«Рангник шәкірттері матч басталысымен кездесуді өз бақылауында ұстады. Үзіліске дейін көбірек гол соға алатындай еді. Қазақстан ФИФА-ның әлемдік рейтингінде 109-орында тұрса да, оны төмендетудің қажеті жоқ».

Кейбір жанкүйер Қазақстанға қатысты түрлі әзілдер жазып, бізді жер көлемі ұқсас Аргентинамен салыстырған.

«Негізі 6-0 болады деп үміттенгенмін, бірақ мына нәтиже де көңіл көншітерлік»;

«109-орында тұрған басты бәсекелестеріміздің бірін орнына қойдық»;

«Қазақстанды жеңгенде, Аргентинаны жеңгендей болайық... Екеуі де 2,7 млн шаршы шақырым»;

«Басты айырмашылық – Месси»;

«Бруно Боратты 4:0 етіп ұтты»;

«Қазақтар футболдан босатылды. Сан-Марино командасы бұдан тәуір нәтижеге қол жеткізуші еді»;

«Масқара, мына қазақтар В лигасында не істеп жүр»;

«Қазақтардың түрлі ұлттардан құралғаны қызық екен».

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам