Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Қазақтар Аустрияға турист болып барды». Украиналық БАҚ Қазақстан құрамасын сынады

12.10.2024, 12:12

Аустриядан оңбай ұтылған Қазақстан құрамасын мазақ етті

«Қазақтар Аустрияға турист болып барды». Украиналық БАҚ Қазақстан құрамасын сынады
Instagram/kff_team

Украинаның танымал Ua-football.com сайты Ұлттар лигасында сырт алаңда Аустриядан оңбай ұтылған Қазақстан құрамасын (4:0) сынады.

«2024 жылғы 11 маусым, Сомбатгей (Венгрия). Заманауи Қазақстан футбол тарихындағы маңызды қала. Себебі дәл сол жақта қазақтар соңғы рет гол соқты. Ұлттар лигасында деңгей жағынан екінші орында тұрған турнирде қазақтар үшінші матч қатарынан мергендік таныта алмай келеді.

Ресейлік «аса білікті» бапкер Черчесов шәкірттері Аустрияға турист болып барған. Өкінішке қарай, матч Венада өткен жоқ. Әйтпесе одан да көп дүниені көруге мүмкіндік алар еді. Нәтижесінде Игорь Шацкий қақпасынан импортты сыйлықтар себеті шықты ғой.

Қазақтар матчты ширақ бастағанымен, тез арада-ақ өз қақпасының алдынан шыға алмай қалды. Қазақтар тым құрыса бір гол соғуға да тырыспады. Аустрия допты бақылауда ұстап, ал қонақтар қысым көрсеткен жоқ.  Алаң иелері ойында басты рөлді атқарды. 3:0 кезінде де ешбір қателік жібермей, қайта тағы бір гол соқты. Зайдль алаңға шыққан соң араға жеті минут салып ойынның нүктесін қойды.

Ақыры Аустрия үшінші матчта бірінші рет жеңіске жетті. Бар ашуын Ұлттар лигасының екінші дивизионынан деңгей жағынан жырақта тұрған қазақтардан алды. Ресейлік бапкерлерді өзгерт не, өзгертпе не, негізгі құрамда «Тобыл» және «Ордабасы» клубтарының ойыншылары Бундеслига футболшыларына қарсы өнер көрсетсе, нәтиже күтудің қажеті жоқ», — деп жазды басылым.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам