Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Черчесов Айбол Әбікенді құрама тізімінен алып тастады

13.10.2024, 16:56

Федерация өкілдері жарақаты бар екенін айтады

Черчесов Айбол Әбікенді құрама тізімінен алып тастады
KFF

Бүгін Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасы Словениямен кездеседі. Осы ойынға жартылай қорғаушы Айбол Әбікен қатыспайды.

Бұған дейін футболшы Аустриядағы матчтағы сәтсіздіктен кейін жанкүйерлер мен мамандар тарапынан хейтке іліккен еді. «Бірінші бол» YouTube арнасының жүргізушісі Олжас Байбосын арнайы видео түсіріп «Әбікеннің крышасы кім?» деп сауал да тастаған еді.

Ал бүгін футболшы тіпті қосалқы құрамға да ілікпеді. Федерация өкілдері жарақаты бар екенін айтады.

Негізгі құрам осындай:

Қазақстан: Шацкий, Быстров, Дарабаев, Марочкин, Алип, Вороговсикй, Дарабаев, Тагыберген, Исламхан, Чесноков, Айымбетов;

Словения: Облак, Янжа, Бийол, Дркушич, Стоянович, Млакар, Элшник, Гнезда-Черин, Иличич, Шпорар, Шешко.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам