Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

«Астана» - «Челси» матчына билеттер: клуб ресми мәлімдеме жасады

Бүгін, 15:08

Билеттердің сатылымға шыққаны туралы жалған ақпарат тараған

«Астана» - «Челси» матчына билеттер: клуб ресми мәлімдеме жасады
"Астана" ФК

«Астана» футбол клубы «Челсимен» өтетін матчқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. Клуб дерегінше, әлеуметтік желіде Конференциялар лигасы аясында өтетін кездесудің билеттері сатылымға шыққаны туралы ақпарат тараған. Баспасөз қызметі мұның жалған екенін алға тартты.

«Әлеуметтік желіде 2024 жылдың 12 желтоқсанында өтетін «Астана» мен «Челси» арасындағы УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңдік матчының билеттеріне алдын ала тапсырыс беру туралы жарнамалар жариялана бастады. Осыған байланысты «Астана» футбол клубы аталған матчқа билеттер сатылымға шықпағанын хабарлайды», - делінген мәліметте.

Сонымен қатар билеттердің бағасы, сондай-ақ сатылым күні туралы барлық ақпарат клубтың ресми дереккөздерінде ұсынылатынын еске салды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам