Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды

14.10.2024, 18:11

Ресейлік маман қазақ тіліне кезекті рет құрметсіздік танытып отыр 

Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні мазақ қылды
KFF

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіні келеке етті.

Ұлттар лигасы аясында Словениямен өткен мачтан кейінгі баспасөз конференциясында отандық тілшілердің бірі Станислав Саламұлына қазақ тілінде сұрақ қойып бастайды. Бас бапкер журналистің үстіне Францияның ПСЖ клубының жейдесін киіп алғанын әзілге айналдырғысы келді ме, әйтеуір «Сен қай тілде сөйлеп тұрсың – французша ма?» деп сөзін бөлді. Сонан соң басын изеп, сұрағын жалғастыруға болатынын аңғартты.

Естеріңізде болса, құрамаға тағайындалғанда өткізген алғашқы баспасөз конференциясында да Черчесовтің қазақ тіліне қатысты басы дауға қалған. Оған тілшінің бірнеше рет ана тілімізде сұрақ қойғаны ұнамай, бәріне түсінікті болуы үшін одан орыс тілінде сөйлеуін талап етті. Бірақ бұл жайт көпшілік арасында қызу талқыланып, кейіннен ресейлік маманның өзі де қазақ тілін үйрене бастағанын алға тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам