ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қалған екі матчта нәтиже болмаса Черчесовке кету керек – ұлттық құраманың экс-ойыншысы

15.10.2024, 10:08

Команда ойыншылары гол соғудың не екенін ұмытып қалғандай

Қалған екі матчта нәтиже болмаса Черчесовке кету керек – ұлттық құраманың экс-ойыншысы
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Вячеслав Эрбес бас бапкер Станислав Черчесовтың жұмысына бағасын берді. «Евро-Футбол.Ру» тілшісімен сұхбаттасқан ардагер ойыншы команданың барлық сәтсіздігіне ресейлік маман жауапты дегенді айтқан.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінде төрт матч өткізіп, бірде-бір гол соға алған жоқ. Алғашқы матчта Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, қалған үш ойында жеңілді.

«Команданың қандай нәтиже көрсетіп жатқанына жауапты ең бірінші адам – бас бапкер. Төрт ойыннан кейін ұлттық құрама бірде-бір гол соқпай, өз қақпасына сегіз доп жіберіп алды. Енді алда екі матч бар, соған бола жаңа бапкер іздеу ақылға қонбайды. Жаңадан келгені бәрібір ешнәрсе шешпейді. Сондықтан, осы екі ойында ойдағыдай нәтиже болмаса Черчесовке кету керек. Ұлттық құрама гол соғу дегенді расымен ұмытып қалды», - деді Эрбес.

Төрт ойыннан кейін небәрі бір ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінің соңғы сатысында тұр. Топта соңғы орын алған команда келесі маусымда төменгі дивизионға түседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам