Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

ҚФФ Черчесовты ақтап мәлімдеме жасады

15.10.2024, 16:00

Федерация бапкердің қазақ тіліне үлкен құрметпен қарайтынын атап өткен

ҚФФ Черчесовты ақтап мәлімдеме жасады
Видеодан кадр

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілінде сұрақ қойған журналиске берген жауабына қатысты мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды.

Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын.

Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз, – делінген Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпаратта.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам