Ілияс есеп 1:1 болып тұрғанда жеңіс голын салды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл Португалияның 19 жасқа дейінгілер арасындағы лигасында кезекті голын соқты.
Павлодарлық футболшы қазіргі кезде «Жил Висенте» U-19 клубында ойнап жүр. Бүгін оның командасы «Витория Гимарайнш» U-19 командасын 3:1 есебімен жеңді. Ілияс есеп 1:1 болып тұрғанда жеңіс голын салды.
18 жастағы футболшы бұған дейін 10-турда «Фамаликан» U-19 командасын, оның алдында «Брага» U-19 қақпасын да дәл көздеген.