Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Қайрат Боранбаев «Астана» клубын мазақ етті

10.11.2024, 20:07

«Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді

Қайрат Боранбаев «Астана» клубын мазақ етті
Forbes.kz

«Қайрат» клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев ҚПЛ-2024-тегі жеңісінен соң клубтың болашақ жоспары туралы айтып, «Астананы» келеке етті.

Соңғы турда «Қайрат» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді. Соның арқасында клуб 47 ұпай жинап, «Астананы» бір ұпайға басып озды. Осылайша, тарихта төртінші рет ел чемпионы атанды. Бұған дейін алматылықтар 1992, 2004 және 2020 жылдары жеңіске жеткен.

 

«Біздің жыл сайынғы мақсатымыз бір және ол өзгермейді. Биыл академия бойынша өте жақсы көрсеткіштерге ие болдық. Маусым ортасында өзгертулер жасап, шетелдіктер көбірек ойнай бастады, тиісінше бұл өз нәтижесін берді.

Келесі маусымда Чемпиондар лигасында ойнаймыз, еурокубоктарда ойнап жатсақ, екінші құрамды жібермейміз. Бар ойыншылармен өнер көрсетеміз», - деді Боранбаев.

Айта кетейік, «Астана» Конференция лигасында  Уэльстің «Нью-Сэйнтс» (0:2) және Кипрдің «Пафос» (0:1) клубтарына қарсы матчтарға екінші құрамын жіберген. Бұл жанкүйерлердің ашуын туғызған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам