Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан – 13, Өзбекстан небәрі бір алтынмен шектелді

11.11.2024, 08:58

Бірақ, жарыс Қазақстанда өтті

Бокстан халықаралық турнирде Қазақстан – 13, Өзбекстан небәрі бір алтынмен шектелді
Freepik

Көкшетауда бокстан КСРО-ның спорт шебері Асқар Сатыбаевты еске алуға арналған жастар арасында халықаралық турнир өтті.

Жарыста 14 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды. Атап айтсақ, 46 келіден 92 келіден жоғары салмақ арасында боксшылар сынға түсті. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан 13 алтын медаль жеңіп алды. Чемпион атанғандар қатарында Әлішер Аривжан (46 келі), Нұрбек Азадов (48 келі), Бексұлтан Көбергенов (51 келі), Мұхамедәлі Қалиев (54 келі), Әли Мереке (60 келі), Мұхамедәли Қалиев (63,5 келі), Тагир Сатаев (67 келі) , Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Жандос Алпысбаев (75 келі), Аманжол Иманғалиев (80 келі), Бақытжан Айтмұханов (86 келі), Әният Тілеужан (92 келі) және Нұрсұлтан Жолдасбек (92 келі) бар. Тағы бір «алтынды» Өзбекстан боксшысы Джамшид Джаббаров (57 келі) жеңіп алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам