Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Қазақстандық олигарх Бәрменқұловтың орнына ҚФФ президенті болудан бас тартты

11.11.2024, 09:21

Ол бұған дейін ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі болған

Қазақстандық олигарх Бәрменқұловтың орнына ҚФФ президенті болудан бас тартты
Forbes.kz

Отандық танымал олихарх Берік Қаниев Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне өз кандидатурасын ұсынбайтынын айтты.

«Құрметті достар, осы күндері маған Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына үміткер болуымды қалап жатқандар көбейді. Бірнеше қоңырау түсті. Сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Алайда, қазіргі жұмысбастылығыма байланысты өз кандидатурамды ұсыну жоспарда жоқ. Соған қарамастан, федерацияны қолдап, сүйікті ойынымызды дамытуға әрқашан дайын екенімді айтқым келеді», - дейді Берік Қаниев.

Айта кетейік, Берік Қаниев ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділет Бәрменқұловпен университет қабырғасында бірге оқыған. Сондай-ақ, екеуі 2022 жылы сайлауға түскен. Бәрменқұлов аз ғана дауыспен Қаниевтен басым түскен еді. Олигарх кейін сайлау қорытындысына шағымданған болатын. 

Жалпы, Қаниев «Жас-Қыран» балалар-жасөспірімдер орталығының жетекшісі және Қазақстан футбол федерациясының Атқару комитетінің мүшесі болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам