Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

«Ұпай алуға барымызды саламыз»: Станислав Черчесов Аустриямен матч алдында мәлімдеме жасады

13.11.2024, 08:21

Әзірге оның командасы бірде-бір гол соға алмай келеді

«Ұпай алуға барымызды саламыз»: Станислав Черчесов Аустриямен матч алдында мәлімдеме жасады
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы 14 қарашада Аустрияны өз алаңында қабылдайтыны белгілі. Осы матч алдында ұлттық құраманың бас бапкері аустриялық басылымға сұхбат беріп, әр ойыннан ұпай алуға тырысатынын мәлімдеді.

Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы төрт ойын өткізіп үлгерді. Ешбір ойында Черчесов шәкірттері гол соға алмаған.

«Аустрия, Норвегия және Словения – үшеуі де өте мықты команда. Дегенмен, Аустрия тың көрінді. Норвегияны оңай ұтқаны да кездейсоқ емес. Сондықтан, олар қазір топтағы фаворит. Бірақ, біз қандай жағдай болмасын, ұпай алуға тырысамыз.

Бұл ойын Линцте өткен ойыннан қарағанда басқаша болады. Бұл жолы аустриялықтарға ұзақ жол жүру керек. Бір ай бұрын болған матчта біз жаман ойнап қана қойған жоқпыз, өте өрескел қателер жібердік», - деді Черчесов kicker.de басылымына берген сұхбатында.

Аустриямен Алматыда кездесу өткізгеннен кейін Қазақстан құрамасы Норвегияға ұшып кетеді. 17 қарашада Черчесов шәкірттеріне Холланд бастаған құрамаға қарсы ойын өткізу қажет.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам