Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Ринат Зайытов Әлімханұлы мен Рахмоновтың жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыруды ұсынды

13.11.2024, 12:27

Депутат: Әлемде елдің назары ауып отырған спорт түрлерінде екі көкжалымыз бар

Ринат Зайытов Әлімханұлы мен Рахмоновтың жекпе-жегін Қазақстанда ұйымдастыруды ұсынды
әлеуметтік желі

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновқа сұрақ қойып, ел намысын қорғап жүрген екі азаматтың турнирін Қазақстанда ұйымдастыру мүмкіндігі туралы сұрады.

«Әлемде елдің назары ауып отырған спорт түрлерінде екі көкжалымыз бар. Біреуі – Шавкат Рахмонов, ол бұйырса UFC чемпиондығына таласайын деп отырған азамат. Екіншісі – Жәнібек Әлімханұлы. Біз кезінде Геннадий Головкиннің бір жекпе-жегін Қазақстанда көруді армандап едік. Шавкатқа мемлекет тарапынан қолдау да бар. Енді осы екі азаматтың, туризмді дамыту мақсатында, Алматы мен Астанадан бөлек өңірлерде турнирін өткізетін мүмкіндік бар ма? Сіздер оны қарастырып жатырсыздар ма?», – деп сұрады Зайытов.

Туризм және спорт министрі бұл мәселенің талқыланып жатқанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеуіне дайындалып, қарсыласының жарақатына байланысты кейінге қалдырылды. Жәнібек Әлімханұлының мемлекет тарапынан да, азаматтардың қолдауымен елде бір жекпе-жек турнирін ұйымдастыруды талқылап жатырмыз», – деп жауап берді министр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам