Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ойынға көңілім толады – қатарынан төрт матчта жеңілген Станислав Черчесов

14.11.2024, 23:46

Оның шәкірттері бес матчта бірде-бір гол соқпаған

Ойынға көңілім толады – қатарынан төрт матчта жеңілген Станислав Черчесов
Қазақстан футбол федерациясы

Ұлттар лигасының топтық кезеңінде қатарынан төрт матчта жеңіліп қалған Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов шәкірттерінің ойынына көңілі толатынын айтты.

Айта кетейік, 14 қарашада Алматының Орталық стадионында Аустрия құрамасын қабылдаған Қазақстан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Турнирде барлығы бес матч өткізген ұлттық құрама ойыншылары бірде-бір гол соға алған жоқ.

«Бірінші тайм көңілімнен шықпады. Біз тым қонақжай көріндік, бірінші голды сыйлай салдық. Сосын біз ақылдаса келе, қорғаныста қателік жібермеу керек деген ұйғарымға келдік. Өйткені, олар шабуылға тез шығып кетеді екен. Бірақ, қорғаныста өрескел қателік жіберіп, «қызыл қағаз» алдық та, екінші голды жіберіп алдық.

Осыдан кейін біз өзгердік, қайта гол жібермедік.

Ұлттар лигасының ойындары команданың қалыпқа келуі үшін маңызды, алда әлем чемпионатына іріктеу бар, сол үшін бұл матчтар қажет. Ал, команданың бүгінге дейін өткізген ойындарына көңілім толады», - деді Черчесов Аустриямен болған матчтан кейін.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топта тек Норвегиямен тең ойнап (0:0), қалған төрт ойында гол соға алмастан жеңілді. Енді топтық кезеңдегі соңғы ойын 17 қарашада Норвегияға қарсы өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам