Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Криштиану Роналду Португалия сапында дубль жасап, 1000-шы голына жақындады

16.11.2024, 09:16

Оның жасы 39-да

Криштиану Роналду Португалия сапында дубль жасап, 1000-шы голына жақындады
Getty Images

Ұлттар лигасының A тобында өнер көрсетіп жатқан Португалия құрамасы өз алаңында Польшаны қабылдап, 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Бұл матчта команда капитаны Кригштиану Роналду дубль авторы атанды.

Даңқты футболшы 72-минутта пенальтиден алғашқы голын соқса, 87-минутта Витинья берген пасты қақпаға дәл бағыттап, есепті 5:0-ге жеткізді.

Осылайша Роналду Португалия құрамасындағы 134-ші голын соқты. Ал, клубтарда соққан голының саны – 775. Яғни, барлығы 910 голға жетіп отыр. Бұған дейін футболшының өзі мансабында 1000 гол соғуды көздейтінін айтқан болатын.

Португалия – Польша матчында Роналдудан бөлек Леау (59-минут), Фернандеш (80), Нету (83) және поляк Доминик Марчук (88) гол соқты.

Португалия құрамасы топтық кезеңде бес ойын өткізіп төртеуінде жеңіске жетсе, бірінде тең ойнады. Соңғы ойынды Мартинес шәкірттері 19 қарашада Хорватияға қарсы өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам