Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Тобыл» алаңда небәрі 818 минут ойнаған футболшыға 66 млн теңге өтемақы төлеуге мәжбүр

19.11.2024, 03:33

Клуб басшылығы ойыншымен келісімшартты біржақты үзе салған

«Тобыл» алаңда небәрі 818 минут ойнаған футболшыға 66 млн теңге өтемақы төлеуге мәжбүр
Тобыл ФК

Лозаннадағы (Швейцария) спорттық арбитраждық сотта «Тобыл» футбол клубының шағымы бойынша тыңдау басталған.

«Дядя Ваня» Telegram-каналының жазуынша, Беларусь футболшысы Павел Забелин клубтың үстінен арызданып, өтемақы өндіріп алмақшы. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы 12 шілдеде Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Қостанай клубымен еңбек келісімшартына қол қояды. Келісімшарт 1,5 жылға жасалған. Забелин «Тобыл» сапында ҚПЛ-да 10 матч (818 минут) өткізеді, Павлодардың «Ақсу» клубымен ойында бір нәтижелі пас берген. Басқа бітірген түгі жоқ. 

Маусым аяқталған соң, пайдасы жоқ ойыншыдан клуб басшылығы құтылуды жөн көреді. Бірақ олар келісімшартты біржақты бұза салған. Сосын Забелин ФИФА-ның дауларды шешетін палатасына шағымданады. Тәуелсіз орган беларусь футболшысының пайдасына 66 112 606 теңге өңдірілсін деген шешім шығарады. Бұл шешіммен «Тобыл» басшылығы келіспейді. Қазақстан клубы енді Лозанндағы спорттық арбитраждық соттан әділдік іздеп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам