Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Станислав Черчесовті жан-тәнімен қорғап, жанкүйерлерді айыптады

22.11.2024, 00:24

Мәжілісмен бұған дейінгі бапкерлердің ешбірін бұлай ақтап, қорғамаған

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Станислав Черчесовті жан-тәнімен қорғап, жанкүйерлерді айыптады
Матрица

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Sportnews.kz сайтына берген сұхбатында Станислав Черчесовтің бас бапкер ретіндегі жұмысына баға берді.

Черчесов бастаған команда Ұлттар лигасындағы алты ойында бір де бір гол соға алған жоқ. Есесіне өз қақпасына 15 гол жіберіп алды. Ең жоғары нәтиже – Норвегиямен болған тең матч (0:0).

«Алқаптағы әрбір сарышұнақ агроном болса, одан ештеңе шықпайды. Түсінемін, мол тәжірибесі бар бапкер құрамаға келгенде, қоғам ол екі ай ішінде құрамамызды аяққа тұрғызады деп үміттенеді. Шыны керек, біз ешқашан футбол державасы болған емеспіз. Сондықтан екі айдан соң құрамамыз аяқ асты үздік ұжымға айналып, қарсыластың бәрін тас-талқан етіп ұтады деп күту ақылға қонбайды», - деді Павел Казанцев.

Мәжілісмен ресейлік маманға текетіресе алатын ұжым құруға уақыт беру керек деп санайды.

«Черчесов Ұлттар лигасының В дивизионының басталуы алдында ғана құрамаға тағайындалды. Қанша қаласаң да, үш айда баланы дүниеге әкелу мүмкін емес. Черчесов Құдай емес. Құрама ойындарына барып тұру да маңызды. Әйтпесе біз тек мықты командалар келген кезде барамыз. Ұлттық құраманың негізі қаланатын Қазақстан чемпионатын қараңыздаршы. Жанкүйерлер ол жақтағы ойындарға тіпті бара бермейді. Неге? Біз диванда отырып алып Черчесовті жерден алып, жерге салуымыз керек. Нәтиже керек, тез дейміз. Эмоцияның бәрін сырып қойсақ, Черчесов негізі жұмысына әлі кіріскен де жоқ, бірақ бәрі оны сырып тастауға ұмтылып жатыр. Не үшін? Себебі біреу Черчесовтің мемлекеттік тілге деген қарым-қатынасына қатысты мәселені ушықтырып жіберді. Бұл дұрыс емес. Оның үстіне даудың себебін анықтасақ, бұл кейбір блогерлер айтып жүргендей басталған жоқ. Адамдар оқиғаның мән-жайын анықтамай, Черчесовке қарсы кампанияны жалғастырып алып кетті. Әйтпесе жағдай мүлде басқа болған», - деп қосты Павел Казанцев.

Мәжілісмен Черчесовтің Қазақстанға келгенге дейін бірқатар командада табысты жұмыс істегенін алға тартты.

«Черчесовтің қолынан түк келмейді» деген ұғым қалыптастырып жатыр. Яғни «біздің функционерлер ақымақ, командаға сондай маманды шақырды» дейді. Бірақ жанкүйерлердің айтқаны ғана дұрыс болып, басқасының бәрі топас болуы мүмкін емес қой. Черчесов өте тәжірибелі маман. Оның Ресей құрамасымен жеткен жетістігін еске алайық. Ол құрама тізгінін әлем чемпионатына екі ай ғана қалғанда ұстаған жоқ, тиісінше Ресей құрамасы өте керемет нәтиже көрсетті. Ол мұнымен бір жылдай айналысты: іріктеу, жаттығулар - бұлар кемінде жарты жылды талап етеді. 

Қызбалыққа салынбай, адамдарға дұрыстап түсіндіру керек. Ал бізде алдымен эмоция, сонан соң былапыт сөздер кетеді, тек содан кейін ғана ми қосылады. Сондықтан енді үшінші деңгейге ауысып, бәрін дұрыстап сараптап, Черчесовке белгілі бір мерзімде жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Арада жыл өткенде одан сұрайық, талап етейік. Сол кезде оны марапаттап,  ескерткіш қоямыз ба, әлде жақын жердегі ағашқа асамыз ба, сол кезде шешеміз», - деп қорытындылады Павел Казанцев.

Еске салайық, Черчесовтың өзі Ұлттар лигасындағы масқараға бұрынғы бапкер мен басқа да факторларды кінәлі деп тапты. Ал, өзіне қандай да бір жауапкершілік алудан бас тартты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам