Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Бақтиер Зайнутдинов швейцариялық клуб ойыншысымен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)

15.12.2023, 14:28

Төреші оны жазалаған жоқ

Бақтиер Зайнутдинов швейцариялық клуб ойыншысымен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)
скрин

Стамбұлдың «Бешикташ» футбол клубында ойнайтын қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов швейцариялық «Луганомен» болған ойында төбелесіп қала жаздады.

Зайнутдинов алаңға орталық қорғаушы амплуасында шықты. Матч 2:0 есебімен «Бешикташтың» жеңісімен аяқталды. Ойын соңында қос команда ойыншылары ерегесіп, оның соңы төбелеске ұласа жаздады.

«Еурокубоктің ойынның соңғы минуттарында Алекс Окслейд-Чемберлен «Лугано» ойыншысы Ренато Штеффенді теуіп жіберді. Екеуі допқа таласып жатқан. Кейін доп жайына қалып, олар бір-бірімен алысып кетті. Артынша Чемберлен құлап түсті. Жерде жатып ол алдымен Штеффенді теуіп, кейін екі қолымен аяғынан ұстап жерге құлатты», - деп жазды Daily mail.

Бұл жанжалға «Бешикташтың» өзге ойыншылары да қатысқан. Арасында Бақтиер Зайнутдинов те бар. Ол қарсылас команданың ойыншысын мойнынан қысып, артынша екеуі өзара төбелесіп кете жаздады.

Осының салдарынан төреші төбелесті алғаш ұйымдастырған екеуін алаңнан қуып жіберді. Қалғандары жазаланған жоқ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам