Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды

14.12.2023, 23:19

Әлем чемпионаты келер жылдың күзінде Өзбекстанда өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды
Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Нидерландымен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч Астанада өтті.

Қазақстан қос голды да бірінші таймда соқты. Алдымен Біржан Оразов есеп ашса (1-минутта), араға алты минут салып Дуглас Жуниор таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша Рикардо Кака шәкірттері өз тобында 15 ұпай жинап, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алды. Топтағы соңғы ойын 20 желтоқсанда Румыниямен өтеді. Алайда, бұл матчтың нәтижесі еш мәселе шешпейді.

Айта кету керек, іріктеудегі 5 топтың жеңімпаздары әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Ал, екінші орын алған үздік төрт команда өзара екі жолдама үшін тағы ойнайды.

Ал, әлем чемпионаты келер жылы 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 26
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?