Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Астанада өтетін бокс кешіне ІВА президенті Умар Кремлев келді

15.12.2023, 16:58

Әр жекпе-жек 6 раундқа созылады

Астанада өтетін бокс кешіне ІВА президенті Умар Кремлев келді
Қазақстан бокс федерациясы

Халықаралық бокс федерациясының (ІВА) президенті Умар Кремлев Астанада өтетін «Чемпиондар түні IBA» кешін тамашалау үшін елордаға келді. Бұл туралы  еліміздің бокс федерациясы мәлімдеді.

Бүгін кешке Астанадағы Beeline Arena спорт кешенінде өтетін сында еліміздің бірнеше спортшысы жартылай кәсіпқой бокста өнер көрсетеді. 19:00-де басталатын додада Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Бекзат Нұрдәулетов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Ертуған Зейнулин және Данияр Елеусінов  шаршы алаңға шығады. 

Бокстан ұлттық құраманың жеті мүшесі өздерінің әлеуетін 6 раундқа созылатын сында байқап көреді. Сондай-ақ, Данияр Елеусінов араға екі жыл салып кейін шыршы алаңға алғаш рет шығады.

Айта кететін жайт, біздің боксшыларға Оңтүстік Африка, Ресей, Куба, Өзбекстан боксшылары қарсылас атанып отыр. Ал оларға төленетін гонарар көлемі туралы әзірге ақпарат айтылмады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам