Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Қызылжар» футбол клубының басшылары миллиондаған ақшаны қалтасына басқан

28.11.2024, 09:10

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тергеу басталғанын мәлімдеді

«Қызылжар» футбол клубының басшылары миллиондаған ақшаны қалтасына басқан
kazfootball.kz

Солтүстік Қазақстан облысында «Қызылжар СК» футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Әлеуметтік желілерде футбол клубының өкілдері миллиондаған қарыздарына байланысты тергеуге алынғаны туралы ақпарат тараған. Тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған, сондай-ақ бұл іске клубтың экс-президенті Григорий Лорияның қатысы бар болып шықты.

«СҚО прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаменті клубтың салық міндеттемелері бойынша қарыздарының себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде. Клуб тергеу органдарына толық көмек көрсетуге дайын екенін және қалыптасқан жағдайды реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлайды», - делінген «Қызылжар СК» футбол клубы баспасөз қызметінің ресми жауабында.

Бұл ақпаратқа Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы да пікір білдірді.

«Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тергеу бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі көлемде иемдену немесе талан-таражға салу») бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында «Қызылжар СК» футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу шеңберінде қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сәйкес кешенді тергеу шаралары жүзеге асырылуда», - деп мәлімдеді өңірдің прокуратурасы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам