Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатының рекордшысы атанды

30.11.2024, 12:26

Ол Максим Скавыштың рекордын қайталады

Оралхан Өміртаев Беларусь чемпионатының рекордшысы атанды
ҚФФ

Қазақстандық шабуылшы Оралхан Өміртаев бір чемпионатта алаңға әріптесінің орнына шыққан соң гол соғу жағынан Максим Скавыштың рекордын қайталады. Бұл туралы football.by сайты жазды.

Өміртаев әріптесін алмастырып алаңға шыққан соң гол соғу жағынан 2024 жылдың көшбасшысы атанды.

Қорытынды турға дейін Максим Скавыш екеуінде осындай 7 голдан болды, алайда «Сморгоньямен» ойында қазақстандық негізгі құрамда болған жоқ, есесіне алаңға шыққанда мергендігімен көзге түсті. Осылайша, ол

«Торпедо-БелАЗ» шабуылшысын артқа тастап, көшбасшы атанды. Алайда Максимнің «Славиямен» өтетін қорытынды матчы бар.

Сонымен қатар Өміртаев Скавыштың БАТЭ ойыншысы кезінде - 2018 жылы орнатқан рекордын қайталады. Сол кезде Максим алаңда әріптесін алмастырған соң 8 гол соққан. Оралхан бұл көрсеткіш жағынан легионерлер арасында рекорд орнатты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам