ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Самат Смақов ҚПЛ клубының бас бапкері атанады

04.12.2024, 18:17

Смақов Жетісу облысының әкімімен кездескен

Самат Смақов ҚПЛ клубының бас бапкері атанады
"Ордабасы" ФК

45 жастағы қазақстандық маман Самат Смақов Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері болып тағайындалады. Бұл туралы KazFootball.kz сайты жазды.

Белгілі болғандай, Самат Смақов кеше Талдықорғанға барып, Жетісу облысының әкімімен кездескен, сол жерде ол команданың бас бапкері ретінде бекітілген.

Бұған дейін Смақов «Астана» клубының техникалық директоры қызметін атқарды. Ал былтыр ол Семейдің «Елімай» клубын Премьер-лигаға шығарған.

Ойыншы ретінде ол «Елімай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ризеспор» (Түркия) мен «Ордабасы» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында өткізген матчтар саны бойынша рекорд иесі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам