Ол 2021 жылы «Каспий» футзал командасында директор болған
Бүгін БАҚ беттерінде «Каспий» футбол клубының экс-басшысы 27 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің алғашқы бапкері Ержан Жамбыров болып шықты.
Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды.
Ержан Жамбыров 2009-2015 жылдары «Каспий» футбол орталығының 1999 жылғы жасөспірімдер командасының бас бапкері болған. Одан кейін Қазақстан велоспорт федерациясында менеджер қызметінде еңбек етті. Сосын «Астана» клубында селекционер, Көкшетаудың «Оқжетпес» клубында спорттық директор ретінде карьерасын жалғастырған. 2021 жылы «Каспий» футзал командасында, сосын «Каспий» футбол клубында директор болды.
Ол Ресейдің «Зенит» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің алғашқы бапкері болған.