ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

«Өте қолайсыз»: «Челсидің» бас бапкері ұзақ жолға шағымданды

12.12.2024, 09:05

Лондондық гранд Астанаға негізгі құрамды алып келмеген

«Өте қолайсыз»: «Челсидің» бас бапкері ұзақ жолға шағымданды
Darren Walsh/Chelsea FC

Лондонның «Челси» клубының бас бапкері Энцо Мареска баспасөз конференциясында «Астанамен» өтетін ойынның қиын тұстары туралы айтты. 

Екі клуб Конференция лигасы аясында 12 желтоқсан күні Алматыда кездеседі. Қазақстанға жету үшін лондондық ұжым сегіз сағат бойы ұшады. Сондықтан Мареска баспасөз конференциясын Англияда өткізіп тастады. 

«Матч алдында сегіз сағат бойы ұшу өте қолайсыз. Бірақ біз сол жаққа барып, өз ойын үлгімізді көрсетуіміз қажет. Соған қарамастан келесі кездесу туралы да ұмытуға болмайды. Біз ұшып келген бойда тамақтанып, сонан соң ұйқыға кірісеміз. Жергілікті уақыт бізден бес сағатқа алда тұр. Сондықтан біз оянғанша түске таяйды. Тиісінше Қазақстанда 24 сағаттан аз уақыт боламыз. Жұма күні таңғы алтыда Лондонға ораламыз. Ал жексенбі күні матч күтіп тұр», — деді Мареска. 

Матч өтетін 12 желтоқсан күні Алматыда -11 градус болады деп күтіледі. Маман бұл туралы да ойын ашық білдірді. 

«Әрине, ауа температурасы күрт өзгереді. Сөйте тұра біз барынша тез бейімделіп, қиындықтарға төзуіміз қажет», - деді ол.

Еске салайық, «Челси» астанаға негізгі құрам ойыншыларының көпшілігін алып келмейді. Бас бапкер алаңға жастарды көбірек шығаратынын бұған дейін айтқан еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам