Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Алматыға келген «Челси» ойыншылары жаурағандарын жасырмады

12.12.2024, 10:07

Лондондық клуб Қазақстанға екінші құрамын алып келді

Алматыға келген «Челси» ойыншылары жаурағандарын жасырмады
Челси ФК

Конференция лигасының кезекті туры аясында бүгін «Астана» мен «Челси» өзара мықтыны анықтайды. Матч Алматыда өтетін болғандықтан лондондық клуб ойыншылары бірден осында келді.

Діл қазір Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде күн суытып, аяз орнаған. «Челси» футболшылары да жаурағандарын жасырмады. Клубтың әлеуметтік желідегі парақшаларында қабат-қабат киінген футболшылардың фотосы жарияланған. Сондай-ақ, Алматыда -14 градус аяз екені де көрсетілген.

Еске салайық, аталған матч 12 желтоқсанда сағат 20:30-да Алматының Орталық стадионында өтеді. «Челси» бұл ойынға екінші құрамдағы ойыншыларын алып келді.

Қақпашылар: Филип Йоргенсен, Лукас Бергстром, Макс Меррик

Қорғаушылар: Аксель Дисаси, Тосин Адарабиойо, Ренато Вейга, Джош Ачимпонг, Харрисон Мюррэй-Кэмпбелл, Ричард Олисе, Кайден Уилсон.

Жартылай қорғаушылар: Карни Чуквуэмека, Кирнан Дьюсбери-Холл, Киано Дайер, Сэм Рак-Сакьи, Харви Вейл.

Шабуылшылар: Педро Нето, Ато Ампа, Тирик Джордж, Марк Гиу, Шумайра Мхеука.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам