ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Черчесовтің жалақысын ашық көрсетуді талап еткен сенаторға премьер-министр жол көрсетті

12.12.2024, 15:28

Депутат ол жолмен жүре ме, жоқ па – белгісіз

Черчесовтің жалақысын ашық көрсетуді талап еткен сенаторға премьер-министр жол көрсетті
коллаж: 1bol.kz

Осыдан бір ай бұрын Сенаттың жалпы отырысында депутат Дархан Қыдырәлі Үкімет басшысы Олжас Бектеновке қазақ футболы төңірегінде дау мен материалдық шығын көбейіп кеткенін айтып, сауал жолдаған еді. Сол сауалға премьер-министр жауап берді.

Депутат ұлттық құрама бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы неге құпия екенін түсінбейтінін жеткізген еді. Бірақ Бектенов те бұл сұраққа ашық жауап бермеген. Тек легионерлерге бюджет есебінен жалақы төленбейтін заң қабылданғанын еске салған.

Сондай-ақ, спорттық инфрақұрылымды дамыту жөнінде көрсетілген мәселелерге қатысты жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан. 

«Министрлік республика бойынша барлық спорт нысандарына түгендеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, елімізде спорттық ойын түрлеріне арналған (футбол, волейбол, стритбол, воркаут) 6100 жазықтық алаң бар, оның ішінде 1200-ден астамы ауылдық жерлерде орналасқан. Ауылдық балалар мен жасөспірімдердің жыл бойы футболмен, мини футболмен және спорттық ойындармен шұғылдануы үшін 358 спорттық кешен қолданылуда. Елімізде 1 500-ден 30 000 орындық тиісті санаттағы 28 негізгі стадион бар, сондай-ақ Қызылорда қаласында 10 мың орындық трибуналары бар бір стадион салынып жатыр. Одан басқа, елімізде 12 стадион құрылысы жоспарланып отыр. Осылайша, барлық стадиондарды УЕФА-ның халықаралық талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар кезең-кезеңмен жүргізіледі», – дейді Олжас Бектенов.

«Федерацияның жылдық бюджеті 10 миллиард теңгені құрайды екен. бірақ ашықтық жоқ. Қайда жұмсалып жатқаны түсініксіз» деген Қыдырәліге премьер-министр бұл шағымынды бас прокуратураға айт деп жол көрсеткен.

Дархан Қыдырәлі бұл сауалын Бас прокурорға жолдай ма, жоқ па – өзіне ғана аян.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалған Станислав Черчесовтың жалақысын Қазақстан футбол федерациясы сол күйі ашып айтқан жоқ. Футбол маңында жүрген сарапшылар болса ресейлік маманның жылына 1,2 млн еуро алатынын жазуда. Ал, егер ҚФФ онымен келісімшартты мерзімінен бұрын үзсе 1 млн еуро өтемақы төлеуі тиіс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам